Министрлік қызметкерлері ғылым мен білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін марапатталды
- Редакция "СО"

- 1 hour ago
- 1 min read
Білім күніне орай ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қызметкерлеріне ведомстволық наградалар табысталды, «Замануи білім беру» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Салтанатты жиында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына және Әділетті Қазақстанды құруға қосқан үлесі, сондай-ақ жоғары білім мен ғылым саласындағы қажырлы еңбегі үшін азаматтарға ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Қазақстан Республикасы Конституциясының арнайы басылымы табысталды.
Сондай-ақ білім мен ғылым саласының дамуына елеулі үлес қосып жүрген бірқатар азамат «Еңбек ардагері», «Қаныш Сәтбаев» медальдарымен, сондай-ақ «Жоғары білім беру саласына қосқан үлесі үшін» және «Салаға қосқан үлесі үшін» ведомстволық наградаларымен марапатталды.
Мерекелік жиында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Білім күнінің маңызына тоқталып, жаңа оқу жылының басталуымен қатар бұл күн білім мен ғылымның ел болашағындағы айрықша рөлін айқындайтынын атап өтті.
Министр ведомство қызметкерлерінің жоғары білім мен ғылымды дамыту, салалық реформаларды жүзеге асыру және елдің адами капиталын нығайту бағытындағы еңбегіне жоғары баға беріп, олардың күнделікті жұмысы білім мен ғылым саласындағы оң өзгерістердің маңызды негіздерінің бірі екенін атап өтті.
«Бұл ведомстволық наградалардың ерекшелігін де атап өткен жөн. «Қаныш Сәтбаев» медалі, «Жоғары білім беру саласына қосқан үлесі үшін» және «Салаға қосқан үлесі үшін» медальдары алғаш рет табысталып отыр. Бұл – сіздердің қажырлы еңбектеріңізге, кәсіби жауапкершіліктеріңізге көрсетілген құрмет әрі алғыс. Сіздер білім мен ғылымның дамуына үлес қосып қана қоймай, еліміздің болашағына қызмет етіп келесіздер. Баршаңызға және отбасыларыңызға зор денсаулық, бақ-береке, амандық, еңбектеріңізге табыс пен жаңа жетістіктер тілеймін», – деді Саясат Нұрбек.
Білім күніне орай өткен іс-шарада министрлік ұжымының кәсіби еңбегі мен сала дамуына қосқан үлесі атап өтіліп, марапат иелеріне алғыс білдірілді.д.



Comments