Оқу-ағарту министрлігі 2026-2027 оқу жылындағы оқу мерзімдері мен демалыс кезеңдерін айқындады
- Редакция "СО"

- 3 hours ago
- 1 min read
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі 2026-2027 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ орта білім беру ұйымдарындағы оқушылардың демалыс кезеңдерін бекітті, «Замануи білім беру» журналы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Жаңа оқу жылы 2026 жылғы 1 қыркүйекте басталып, 2027 жылғы 25 мамырда аяқталады.
Бірінші тоқсан 8 оқу аптасына созылады. Күзгі демалыс 7 күнге жалғасып, 2026 жылғы 26 қазан мен 1 қараша аралығында өтеді.
Екінші тоқсан да 8 оқу аптасын құрайды. Қысқы демалыс 14 күнге созылып, 2026 жылғы 28 желтоқсан мен 2027 жылғы 10 қаңтар аралығында өтеді.
Бірінші сынып оқушылары үшін 2027 жылғы 8-14 ақпан аралығында 7 күндік қосымша демалыс қарастырылған.
Үшінші тоқсан 10 оқу аптасына созылады. Көктемгі демалыс 7 күнге жалғасып, 2027 жылғы 22-28 наурыз аралығында өтеді.
Төртінші тоқсан 8 оқу аптасына созылып, 2027 жылғы 25 мамырда аяқталады.



Comments