Павлодарлық оқушылар Жеңістің 80 жылдығына арналған сап пен әнді тамашалады
- Редакция "СО"
- 3 hours ago
- 1 min read
Отан қорғаушылар күні мен Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Павлодар қаласының орталық жағалауында облыстық білім беру басқармасының аймақтық оқу-практикалық дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық орталығы ұйымдастырған облыстық сапқа тұру және ән байқауы өтті.

Мақсаты - патриоттық және дене тәрбиесі, әскери дайындықтың практикалық дағдылары, соғысқа қатысқандарға құрмет көрсету. Байқауға облыстың жалпы білім беретін мектептерінің, әскери-патриоттық клубтардың 10-сыныптарының 500-ден астам оқушыларынан тұратын 14 команда қатысты. Павлодардан екі команда шықты.
Байқау бағдарламасына сапқа тұру және салтанатты ашылу, ән айтып мерекелік шеруден өту кірді, бұл ретте киім үлгісі, қоғалыстардың үйлесімділігі, «Эрудит» шығармашылық нөмірі - «Саптық дайындық» оқу тақырыбы бөліміндегі сұрақтарға жауаптар ескерілді.
Қалаларар асында өнер көрсету қорытындысы бойынша Павлодар қаласының екі командасы жүлделі орындарға ие болды. Павлодар № 1 командасы жеңімпаз атанды, Павлодар № 2 командасы II орынды, Екібастұз қаласы ІІІ орынды иеленді.
Байқау жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтті, барлық командалар дайындықтың жоғары деңгейін көрсетті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер облыстың білім беру басқармасының грамоталарымен және кубоктарымен марапатталды.
Ұйымдастырушылар мұндай іс-шаралардың тек патриоттық тәрбиеде ғана емес, сонымен қатар командалық рухты тәрбиелеуде де пайдасы бар екенін атап көрсетеді.
– Біз бір ай бойы дайындалдық, бізді мұғалімдер дайындады және осында өнер көрсету үшін қаламыздың ең үздіктерін таңдады. Бүгін мен қаламыз, мектебіміз және осында тұрған барлық балалар үшін мақтаныш сезімін сезініп тұрмын, – дейді Иван Пакетов, Павлодар қалалық «Жас сарбаз» командасының қатысушысы.
Comments