top of page

Педагогикалық КТА: ата-аналар мен тәрбиешілердің цифрлық сайыстағы кездесуі

2025 жылдың 24 қыркүйегінде Алматы қаласы Әуезов ауданының КМҚК «№ 50 бөбекжай - балабақшасы» базасында мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілеріне арналған қалалық семинар өтті. Тақырыбы: «Ата-аналармен жұмыстың заманауи формалары». Семинар педагогикалық КТА (Күлкілі тапқырлар алаңы) түрінде ұйымдастырылды.


ree

Шығармашылық сайыста ата-аналар тобы «Жанұя» және тәрбиешілерден құралған «Балабақша» тобы бір - бірімен кездесті.


Қатысушылар қаржылық және құқықтық сауаттылық, экологиялық тәрбие бойынша тапсырмаларда, сондай-ақ Quizizz және Canva бағдарламалары арқылы өткен цифрлық викториналарда өз бақтарын сынады. Ерекше қызығушылық тудырған викторина – «Қазақ тілің қалай?» тапсырмасы болды.


Әділ - қазы құрамында: қалалық мектепке дейінгі ресурстық орталығының әдіскері Масақбаева Л., аудандық әдістемелік қызмет «Knowledge Hub» мүшесі, «№25 санаториялық бөбекжай-балабақша» меңгерушісі Нурбекова Г., «Зердеш» жекеменшік балабақшасының өкілі, сондай-ақ «Bilimainasy» газетінің тілшісі болды.


Іс-шараға ерекше көңіл-күй сыйлаған жүргізуші – балабақша ата-анасы Евгений Валерьевич Ожогин (бұрынғы КТА «Қазақи» командасының мүшесі).


Ойын қорытындысы бойынша, екі команда да жеңімпаз атанды. Барлық қатысушыларға кубоктар мен медальдар табыс етілді.


Әділ - қазы мүшелері қатысушы топтардың креативтілігін, бірлесе жұмыс істей білуін және балалармен жұмыста заманауи цифрлық құралдарды тиімді қолдануын атап өтті.


Семинар достық атмосферада өтті және «BILIM AINASY» газетінде мақала жарияланды.









Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page