top of page
Search

ҚР қазіргі еңбек нарығы үшін мамандар даярлау

27.02.2024.


ҚР Ғылым және жоғары білім министрі серіктес жоғары оқу орындарының басшыларымен шетелдік ЖОО филиалдарының жұмысы бойынша тұрақты түрде кездесулер өткізіп тұрады. Осы ретте ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Ұлттық ядролық зерттеу университеті МИФИ ректоры Владимир Шевченкомен және проректор Дмитрий Савкинмен, сондай-ақ Алматы қаласындағы Мәскеу инженерлік-физикалық институты филиалының директоры Асқар Дәулетовпен онлайн-кеңес өтті, «Современное образование» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. 


НИЯУ МИФИ

Кеңестің мақсаты - филиалдың жұмыс барысын, алдағы жоспарларын, 2024-2025 оқу жылына арналған қабылдау науқанының мәселелерін, Мәскеу инженерлік-физикалық институты филиалы үшін жеке кампус салу немесе жалға алу, білім беру бағдарламаларын лицензиялау және аккредиттеу мүмкіндіктерін талқылау.


Онлайн кездесу барысында Дмитрий Савкин «Филиалдың қызметі туралы» баяндама жасады.


Филиалдың жұмыс істеуі үшін 100 грант бөлінді: бакалавриатқа 70 және магистратураға 30. Оқыту 2 білім беру бағдарламасы бойынша жүргізіледі: «Бөлшектер физикасы және космофизика» және «Қорғалған жоғары өнімді есептеу жүйелері». Алайда, ҚР нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, Мәскеу инженерлік-физикалық институты «Бөлшектер физикасы мен космофизика» бағдарламасын «Ядролық физика және технологиялар» бағдарламасына ауыстыру туралы сұраныс жіберілді.


Сондай-ақ, «Киберфизикалық жүйелер мен қондырғылардың электроникасы және автоматикасы» жаңа бағдарламасын енгізу мәселесі пысықталуда. Ол киберфизикалық құрылғылардың электроникасы мен автоматикасын құру және пайдалану, ядролық-физикалық қондырғыларды бақылау және басқару жүйелері, ядролық-физикалық қондырғылар мен атом саласының өндірістерін бақылау, басқару және автоматтандыру жүйелерінің бағдарламалық-техникалық құралдары саласында кадрлар даярлауға бағытталған.


Кеңес қорытындысы бойынша қос тарап барлық мәселелер мен мәліметтерді жұмыс тәртібімен пысықтауға келісті.

bottom of page