top of page

Президент Халықаралық орыс тілі ұйымының бас хатшысымен кездесу өткізді.

52 minutes ago
1 min read

Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Халықаралық орыс тілі ұйымының Бас хатшысы Наталья Бочаровамен кездесуі өтті, деп хабарлайды «Замануи білім беру» журналы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Президент провел встречу с генеральным секретарем Международной организации по русскому языку

Мемлекет басшысы Ұйымның гуманитарлық байланыстарды нығайтуға бағытталған заманауи, беделді әрі тиімді құрылым ретінде қалыптасуы аса өзекті екенін атап өтті.


Әңгімелесу барысында білім, ғылым және мәдениет салаларындағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды.


Қасым-Жомарт Тоқаев бірлескен жобаларды жүзеге асыру кезінде Ұйымға мүше барлық елдердің мүддесіне тең қараудың маңызына назар аударды.

Президенттің пайымдауынша, тіл саясиландыратын мәселе емес, керісінше адамдарды біріктіруге, өзара түсіністікке қызмет етуге тиіс.

Наталья Бочарова Ұйым қызметіне қолдау көрсеткені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, алдағы даму жоспары туралы мәлімет берді..

Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page