Республикалық «Жұлдыз болғым келеді» вокалдық конкурсы
- Редакция "СО"

- 27 minutes ago
- 1 min read
2025 жылдың 12 желтоқсанында Абай облысының жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекеменің 5 тәрбиеленушісі Республикалық «Жұлдыз болғым келеді» вокалдық конкурсына қатысты.

Бұл байқау – өнерлі балаларды қолдау және олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған республика көлеміндегі алғашқы бастама. Жобаның идеясы мен тұжырымдамасының авторы - блогер, Павлодар облысындағы балалар үйінің түлегі Алексей Лодочников.
Абай облысы бойынша іріктеу кезеңінен өтіп, Алдияр Найманов, Олеся Рунде, Анастасия Першина, Евгения Черепанова және Сұңғат Жұмаханов республикалық кезеңде өздерінің өнерлерін көрсетіп бақтарын сыңады.
Республикалық кезеңде:
* Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері дуэт Анастасия Першина және Евгения Черепанова жүлделі І орын және ноутбук;
* Олеся Рунде дәрежелі диплом және Яндекс станция «Алиса»;
* Семей қаласының Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушісі Сұңғат Жұмаханов ІII орын және Яндекс станция «Алиса»;
* Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдау орталығы» тәрбиеленшісі Алдияр Найманов дәрежелі диплом және Яндекс станция «Алиса» мараптталды.
Балаларды дайындап апарған музыкалық жетекшілері Дайрабаева Гульбаршын Битемировна, Кабамбаев Мирхат Тлеуханович, Қырым Медетбек Жанарбекұлы ҚР Оқу ағарту министрінің алғыс хатымен марапатталды.



Comments