top of page

Республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінде 11 мыңға жуық оқушы бақ сынап жатыр

13 hours ago
1 min read

Еліміздің өңірлерінде жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі өтіп жатыр. Қатысушылар 19 секция бойынша 9 мыңға жуық жоба ұсынды, «Замануи білім беру» журналы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.


Республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінде 11 мыңға жуық оқушы бақ сынап жатыр

Оқушылар жобаларын ашық көрме форматында қорғайды. Олар зерттеу нәтижелерін арнайы стендтерде таныстырып, қазылар алқасының сұрақтарына жауап береді. Бірінші турда жүлделі орын алған оқушылар екінші турда бейіндік пәндер бойынша тест тапсырады.



Конкурс оқушылардың ғылымға қызығушылығын арттыруға және жас зерттеушілерді қолдауға бағытталған. 2026-2027 оқу жылында конкурсқа 28 913 оқушы 24 317 жобамен тіркелді.


Республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінде 11 мыңға жуық оқушы бақ сынап жатыр

Республикалық финалда жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша үздік деп танылған жобалардың авторлары АҚШ-та өтетін Regeneron ISEF 2027 халықаралық ғылыми және инженерлік жобалар көрмесіне қатысады.

Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page