С. Сейфуллин атындағы ҚАЗАТЗУ-да Ниигата университеті делегациясымен кездесу өтті
- Редакция "СО"

- 4 hours ago
- 1 min read
В Казахском агротехническом исследовательском университете имени С. Сейфуллина (КАТИУ) прошла важная встреча с делегацией Японского университета Ниигата во главе с профессором Хидео Хасегавой – директором программы Высшей школы науки и технологии «Программы подготовки высших специалистов в области сельского хозяйства для Республики Казахстан» Министерства образования, культуры, спорта, науки и технологий Японии.

Бүгін С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде (ҚАЗАТЗУ) Жапонияның Ниигата университеті делегациясымен маңызды кездесу өтті. Делегацияны Жапонияның Білім, мәдениет, спорт, ғылым және технологиялар министрлігінің «Қазақстан Республикасы үшін ауыл шаруашылығы саласындағы жоғары білікті мамандарды даярлау бағдарламасы» аясындағы Жоғары ғылым және технология мектебінің бағдарламасы директоры, профессор Хидео Хасегава бастап келді.
Кездесу барысында JICA және Kazakhstan-Japan Center (KJC) ұйымдарының адами ресурстарды дамыту саласындағы жобаларына, бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру перспективаларына, профессорлық-оқытушылық құрам арасындағы тәжірибе алмасу мәселелеріне және студенттердің академиялық ұтқырлығына ерекше назар аударылды.

Бағдарламаның екінші бөлімінде профессор Хасегава студенттерге «Ауыл шаруашылығын цифрландыру» тақырыбында лекция оқып, Ниигата университетінің роботтандырылған және механикаландырылған агрожүйелерді енгізу, сондай-ақ ауыл шаруашылығы алқаптарын зондтау және мониторинг жүргізу үшін дрондарды қолдану бағытындағы алдыңғы қатарлы зерттеулерін таныстырды. Сонымен қатар, қазіргі уақытта Ниигата университетінде Қазақстаннан бес магистрант білім алып жатқанын атап өтті.
Бұл сапар ҚАЗАТЗУ дың халықаралық ынтымақтастығын нығайтудағы маңызды қадам болды.



Comments