С. Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ мен Жамбыл облысының білім беру ұйымдары арасында меморандумдарға қол қойылды
- Редакция "СО"
- 15 hours ago
- 1 min read
2025 жылдың 14 тамызында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде (ҚазАТЗУ) білім беру және ғылым саласындағы өзара ынтымақтастықты дамыту мақсатында Жамбыл облысының білім беру ұйымдарымен әріптестік туралы меморандумдарға салтанатты түрде қол қойылды.

Аталған іс-шараға ҚазАТЗУ Басқарма төрағасы – ректоры, ҚР ҰҒА академигі Қанат Маратұлы Тіреуов, академиялық мәселелер жөніндегі проректор Абишева Р.Д., операциялық қызмет жөніндегі проректор Омаров С.К., академиялық мәселелер департаментінің директоры Жүргенов Ж.С., Мансап, тәжірибе және жұмыспен қамту орталығының жетекшісі Казбеков Г.К., сондай-ақ Жамбыл облысының білім басқармасының және колледждерінің басшылары қатысты.
Ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойған тараптар:
– Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы КММ;
– «Құлан агротехникалық жоғары колледжі» КМҚК;
– «Шу колледжі № 10» КМҚК;
– «Мерке колледжі № 9» КМҚК.

Меморандум аясында тараптар білім беру бағдарламаларын бірлесе жүзеге асыру, тәжірибе алмасу, дуальды оқыту жүйесін енгізу, студенттердің тәжірибеден өтуі мен тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру, бірлескен семинарлар мен конференциялар өткізу, қызметкерлердің біліктілігін арттыру секілді бағыттар бойынша келісімге келді.
Бұл бастама — білім беру сапасын арттыру, ғылыми-зерттеу қызметін кеңейту және болашақ мамандардың тәжірибелік дағдыларын нығайтуға бағытталған маңызды қадам. ҚазАТЗУ мен Жамбыл облысының оқу орындары арасындағы бұл әріптестік еліміздің аграрлық білім беру жүйесінің дамуына оң әсерін тигізетіні сөзсіз.
Comentarios