С. Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ мен Навои мемлекеттік тау-кен технологиялық университеті арасында меморандумға қол қойылды
- Редакция "СО"

- Jun 2
- 1 min read
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің (ҚазАТЗУ) қабырғасында Навои мемлекеттік тау-кен технологиялық университетімен (НМТКУ, Өзбекстан) ниет туралы меморандумға ресми қол қойылды.

Құжатты Басқарма төрағасы – ҚазАТЗУ Басқарма төрағасы-Ректоры, ҚР ҰҒА академигі Қанат Тіреуов және НМТКУ ректоры Бахтиер Мардонов қолдарымен бекітті. Тараптар білім, ғылым және академиялық алмасу саласындағы әріптестік қатынастарды дамытуға өзара дайын екендіктерін білдірді.
Меморандумға сәйкес өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары:
- бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу және өндірістік жобаларды іске асыру;
- білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;
- ғылыми жарияланымдарды дайындау және халықаралық ғылыми іс-шараларды ұйымдастыру (семинарлар, конференциялар, көрмелер) ;
- студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығы;
- Жазғы мектептер мен білім беру тағылымдамаларын ұйымдастыру;
- жетекші ғалымдар мен шақырылған лекторлармен алмасу;
- магистрлік және докторлық диссертацияларды бірлесіп басқару болып анықталды.
Екі тарап бірлескен жұмыс барысында алынған ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету туралы уағдаласты және жасалатын ғылыми нәтижелерге зияткерлік меншік құқықтарын қорғау үшін жекелеген келісімдер жасасу қажеттігін мойындады.
Қол қойылған құжат қаржылық міндеттемелер жүктемейді, бірақ одан әрі ынтымақтастық үшін, оның ішінде үшінші тарап серіктестерін тарту үшін берік негіз қалайды. Меморандум ережелерінен туындайтын барлық бастамалар тиісті ресурстар болған кезде ерікті және өзара тиімді негізде іске асырылатын болады.
НМТКУ-тау-кен ісі, технологиялар және инженерлік ғылымдар саласында кадрлар даярлауға маманданған Өзбекстанның жетекші техникалық жоғары оқу орындарының бірі.



Comments