top of page
Search

Саясат Нұрбек Chapter Zero Kazakhstan бастамасының ашылуына қатысты

1.04.2024


Астанада Chapter Zero Kazakhstan бастамасының ресми ашылу салтанаты өтті. Әлемнің 72 елін қамтитын жаһандық желінің 31-филиалы Қазақстанда іске қосылды, «Современное образование» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. 



Chapter Zero Kazakhstan - корпоративтік басқару және энергияға ауысу саласындағы үздік тәжірибелермен алмасу мүмкіндігін ұсына отырып, бизнес басшыларын, Директорлар кеңесінің мүшелерін, мемлекеттік органдарды, институционалдық инвесторларды, ғалымдарды және басқа да мүдделі тараптарды біріктіруге арналған негізгі платформа.


 ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек:


«INSEAD Business School секілді жетекші білім беру мекемелерімен әріптестік орнату алдыңғы қатарлы білім бағдарламалары мен ресурстарға қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Chapter Zero Kazakhstan жобасының қолға алынуы - елімізде білім беру, корпоративтік басқару салаларын дамытуда маңызды қадам», - деп атап өтті.

bottom of page