top of page
Search

Саясат Нұрбек Study UK Alumni жеңімпаздарын құттықтады

Қазақстандағы Ұлыбритания елшісінің резиденциясында Study UK Alumni Awards марапаттау рәсімі өтті. Ғылым және жоғары білім министрілігі сілтеме жасай отырып, «Современное образование» журналы хабарлайды.


Конкурс жыл сайын Ұлыбритания жоо-ларында оқыған Қазақстан түлектері арасында өткізіледі. Бұл марапат британдық жоғары білімнің әсері мен құндылығына кұрмет көрсетіп, британдық түлектер мен олар оқыған университеттердің халықаралық беделін арттырады.

Барлық финалистерді ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, баронесса Эмма Николсон, Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшісі Кэти Лич ханым, Қазақстандағы Британ кеңесінің директоры Эрик Лори құттықтады. Ренат Бектұров «Бизнес және инновация» номинациясы бойынша 2022 жылдың жаһандық жеңімпазы атанды.

Әрбір финалист сертификат алды, ал жеңімпаздар ерекше сыйлық пен £2,000-қа тең кәсіби дамуға арналған грант алды.




bottom of page