top of page

Саясат Нұрбек Ұлыбританиядағы қазақстандық студенттермен кездесті

University College London университетінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің Ұлыбританияның жетекші жоғары оқу орындарында білім алып жүрген қазақстандық студенттермен кездесуі өтті, «Замануи білім беру» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. 


Саясат Нурбек встретился с казахстанскими студентами в Великобритании

Кездесу аясында министр «Kazakhstan: the Territory of Academic Knowledge» тақырыбында дәріс оқып, Қазақстандағы жоғары білім мен ғылым жүйесін дамытудың стратегиялық бағыттарын таныстырды. Сондай-ақ халықаралық академиялық ынтымақтастықтың басымдықтарына тоқталып, білім беру үдерісін цифрландыру және жасанды интеллектіні енгізу бойынша жүзеге асырылып жатқан негізгі бастамалар туралы баяндады.


Жиын барысында шетелде білім алып жүрген қазақстандық студенттер үшін ашылып отырған мүмкіндіктерге ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, академиялық ұтқырлықты кеңейту, қос дипломды бағдарламаларды дамыту, ғылыми тағылымдамалардан өту және оқуын аяқтаған жас мамандарды елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тарту мәселелері кеңінен сөз болды.


Ашық пікірталас кезінде студенттер мемлекеттік білім беру саясатына, жастарды қолдау бағдарламаларына, түлектерді жұмыспен қамтуға, сондай-ақ «Болашақ» халықаралық стипендиялық бағдарламасын одан әрі дамытуға қатысты сұрақтар қойды.


Министр студенттік қауымдастықпен тұрақты диалог пен кері байланыстың маңыздылығын атап өтіп, шетелде білім алып жүрген қазақстандық жастардың елдің зияткерлік әлеуетін қалыптастырудағы рөлі зор екенін айтты.

Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page