top of page

Сиань Цзяотун университеті мен Auezov University – стратегиялық серіктестер

ҚХР-ға сапар аясында Оңтүстік Қазақстан университетінің басқарма төрағасы - ректоры Д. Ахмед-Заки Қытайдың жетекші техникалық жоғары оқу орындарының бірi – Сиань Цзяотун университетінің басшылығымен кездесу өткізді.


Сианьский университет Цзяотун и ЮКИУ им. М. Ауэзова –стратегические партнеры

Сиань Цзяотун университеті мен М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті стратегиялық серіктестер болып табылады. Екі жоғары оқу орны академиялық ұтқырлық, бірлескен білім беру бағдарламалары және ғылыми жобалар салаларында тығыз ынтымақтастық орнатқан.


Кездесу барысында Сиань Цзяотун университетінің вице-президенті, профессор Шань Чжисюй Д. Ахмед-Заки мырзаның сапары мен екіжақты серіктестікті нығайтуға бағытталған бастамасына алғысын білдіріп, оны кеңейту бойынша нақты ұсыныстар айтты. Атап айтқанда:

- Жасанды интеллект саласындағы болашақ көшбасшыларға арналған жазғы мектепке қатысу үшін ОҚУ студенттеріне 5 басымдықты орын бөлу;

- 2025 жылы бакалавриат пен магистратура деңгейлеріндегі академиялық алмасу бағдарламаларына (3/6/12 ай) үздік студенттерге 5 орын беру;

- 2026 жылы магистратура мен PhD бағдарламаларына 5 басымдықты орын, стипендия алу, оқу ақысына жеңілдік, жатақхана және медициналық сақтандыру мүмкіндіктері.


Кездесуде қос дипломды бағдарламаларды іске қосу, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясындағы және ШЫҰ шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелері де талқыланды.


Бұл сапар Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту және М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің халықаралық белсенділігін арттыру жолындағы маңызды қадам болды.

Comentarios


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page