top of page

"Таза Қазақстан": Алматыда экологиялық акция өтті

3 minutes ago
2 min read

Алматыда Президенттің «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында «Ауэзов-2» жастар комьюнити-орталығы базасында қалдықтарды бөлек жинау мәдениетін қалыптастыруға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға бағытталған «Из стопки – в дело» экологиялық акциясы өтті, «Замануи білім беру» журналы Алматы әкімдігінің білім басқармасы баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. 


"Таза Қазақстан": Алматыда экологиялық акция өтті

Акция аясында қатысушылар макулатура, ескі дәптерлер, газеттер, журналдар, картон, сондай-ақ пайдаланылған батареялар, пластик қақпақтар мен бөтелкелерді жинады. Жиналған материалдар кейіннен мамандандырылған қабылдау пункттеріне өткізу және одан әрі қайта өңдеу үшін сұрыпталды.


Іс-шараның басты мақсаты – жастарға тұрмыстық қалдықтардың өзі дұрыс сұрыпталған жағдайда құнды қайталама шикізатқа айнала алатынын, ал әр адамның қарапайым күнделікті әрекеттері қоршаған ортаны сақтауға үлес қоса алатынын көрсету.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» бастамасы біржолғы акция емес, тазалыққа, тәртіпке және азаматтардың жеке жауапкершілігіне негізделген қоғамның күнделікті мәдениетінің ажырамас бөлігіне айналуы тиіс екенін бірнеше рет атап өткен болатын.


Алматыда бұл жұмыс жүйелі негізде жүргізілуде. Қала әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасы бойынша экологиялық ағартуға, жастардың эковолонтерлігін дамытуға және қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді.


"Таза Қазақстан": Алматыда экологиялық акция өтті

2026 жылдың басынан бері Алматы жастар саясаты басқармасы «Таза Қазақстан» бастамасы аясында 96 мыңнан астам жасты қамтыған 317 экологиялық іс-шара өткізді. Іске асырылған жобалардың қатарында – EcoQalaFest, Plastic Hunt, Plastic-FREE Week, «Қағаз Boom», EcoQuest Almaty және «Өзіңнен баста» челленджі.


«Экологиялық мәдениет қарапайым күнделікті әрекеттерден басталады. Біз лақтыруға дағдыланған ескі дәптерлер, қажетсіз газеттер, пластик бөтелкелер және басқа да материалдар екінші өмірге ие бола алады. Осындай акциялар арқылы біз жастарға қоршаған ортаға қамқорлық жасау ауқымды күш-жігерді қажет етпейтінін және әр адамның жеке жауапкершілігінен басталатынын көрсетуге тырысамыз. Қалдықтарды бөлек жинау тек экологиялық іс-шаралардың бөлігі ғана емес, күнделікті өмірдегі дағдыға айналуы маңызды», – деп атап өтті «Ауэзов-2» жастар комьюнити-орталығының менеджері Нұрислам Әділбеков.

Жастардың экологиялық санасын қалыптастыру мақсатында қалада «Таза сана» жобасы да іске асырылуда, оның аясында 26 «Эко-точка» көшпелі акциясы өткізілді. «Жетісу-2» жастар комьюнити-орталығының базасында қалдықтарды сұрыптау және қайталама шикізатты қайта өңдеуге дайындау бойынша практикалық сабақтар өткізілетін үшінші Эко-Хаб ашылды.


Экологиялық волонтерлікті дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Жыл басынан бері 3 мыңнан астам волонтер қатысқан 50-ден астам іс-шара өткізілді, ал «Эко-рейнджерлер» жобасы 1,5 мыңнан астам жасты біріктірді.


«Из стопки – в дело» акциясы «Таза Қазақстан» қағидаттарын іске асырудың тағы бір практикалық мысалына айналды, ол қала тазалығына қамқорлық жасау тек аумақтарды тазалаудан ғана емес, сонымен қатар саналы тұтынудан, қалдықтардың көлемін азайтудан және оларды қайталама айналымға қайтарудан басталатынын көрсетеді.

Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page