top of page

«Таза Қазақстан» аясында Жетісу университетінде «Sustainable Fashion Show» сән көрсетілімі өтті

Apr 20
1 min read

«Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде «Sustainable Fashion Show» тақырыбында тұрақты сән үлгілерінің көрсетілімі өтті.


Жетісу университетінде «Sustainable Fashion Show» сән көрсетілімі

Іс-шараға Дене шынықтыру және өнер, физика-математика және жаратылыстану-техникалық факультеттерінің студенттері қатысты.


Көрсетілімде дизайнер-студенттер экологиялық таза, қайта өңделген және тұрақты материалдардан жасалған сән үлгілерін ұсынды.


Іс-шараның мақсаты – экологиялық мәдениетті дамытуға үлес қосу, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған сән индустриясын насихаттау және қоғамда жауапты тұтыну қағидаларын қалыптастыру.


Сонымен қатар, бұл іс-шара қайта өңделген материалдарды пайдалану, экологиялық таза өндіріс тәсілдерін дәріптеу және тұрақты сәннің маңыздылығы туралы көпшілікке түсінік беру арқылы «Таза Қазақстан» тұжырымдамасының идеяларын қолдауды көздейді.

Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page