top of page

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күні

14 hours ago
2 min read

Құрметті әріптестер! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен – Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл мереке – сіздердің ауыр да абыройлы еңбектеріңізге деген құрметтің белгісі. Сіздер ел экономикасы үшін білікті мамандар даярлайсыздар, жастарды кәсіпке баулисыздар және олардың бойында еңбексүйгіштік, жауапкершілік пен дамуға ұмтылысты тәрбиелейсіздер. Сіздерге зор денсаулық, амандық, шығармашылық табыс және лайықты ұрпақ тәрбиелеуде жаңа жетістіктер тілейміз!



Сіздерге Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың құттықтауын ұсынамыз.


«Құрметті техникалық және кәсіптік білім саласының қызметкерлері, ұстаздар, өндірістік оқыту шеберлері, ардагерлер және колледж студенттері!   


Бүгін елімізде техникалық және кәсіптік білім жүйесінің қызметкерлері күні. Бұл — жұмысшы және техникалық мамандықтардың мәртебесін арттыруға, осы салада еңбек етіп жүрген азаматтарымызға құрмет көрсетуге арналған кәсіби мереке.   


Баршаңызға белгілі, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауы – жалпы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңа деңгейге көтеруге үлкен мүмкіндік берді.   


Осы салада техникалық және кәсіптік білім беруді қаржыландыру көлемі едәуір артты. Студенттердің шәкіртақысы екі есеге өсті. Сонымен бірге жол жүру ақысы жылына екі рет төленетін болды. Жұмысшы біліктіліктері бойынша білім алатын және әлеуметтік қолдауды қажет ететін жекелеген санаттағы студенттер үшін бір мезгіл ыстық тамақ берілетіндігін де атап өткіміз келеді.   


Сонымен бірге студенттерді жатақханамен қамту деңгейі 95 пайыздан асты. Яғни, бүгінгі таңда колледжде білім алып, кәсіп меңгеремін деген әрбір жас азаматқа мемлекет тарапынан қажетті жағдайдың барлығы жасалып келеді.   


Ендігі маңызды міндет – жұмысшы мамандықтардың тартымдылығын арттыру, дуальды білім беру жүйесін одан әрі дамыту. Колледждердің жалпы мектептерден немесе университеттерден басты ерекшелігі бар. Бұл жерде студенттер теориялық біліммен бірге нақты өндіріске барып тәжірибе жинақтайды, кәсіби шеберлігін арттырады, практикалық дағдылары мен құзыреттіліктерін қалыптастырады. Бұл – еңбек нарығына дайын маман даярлаудың ең тиімді, әрі ең тез жолдарының бірі.   


Күні кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Германия еліне ресми сапары аясында Қазақстан және Германияның білім беру саласына жауапты ведомстволары арасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту жөнінде нияттестік декларациясына қол қойылды. Бұл құжат Қазақстанда дуальды оқытуды дамытуға, Германияның инженерлік-техникалық және кәсіптік білім беру тәжірибесін зерделеп, тиімді үлгілерін енгізуге жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Өйткені техникалық және кәсіптік білім – бұл әрбір елдің экономикасының нақты тірегі.   


Жалпы жұмысшы мамандықтары – бұл өндірісте де, құрылыста да, энергетика мен ауыл шаруашылығында, жалпы экономиканың тұрақты дамуында рөлі ерекше. Сондықтан өз ісіне адал, кәсібін жетік меңгерген маман даярлау – бұл баршамызға ортақ міндет.   


Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің қызметкерлері күні тағы да құтты болсын, еңбектеріңіз жемісті болсын!»

Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page