top of page
Search

Түркістанда түркі әлемі математиктерінің VII Дүниежүзілік конгресі жұмысын бастады

Ахмет Ясауи университетінде Түркі әлемі математиктерінің VII Дүниежүзілік Конгресі (TWMS Congress 2023) бастау алды. Іс-шараға әлемнің 20 мемлекетінен 500-ден астам математик ғалымдар қатысуда, «Современное образование» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Конгрестің негізгі мақсаты – ғалымдардың халықаралық байланыстары мен ғылыми ынтымақтастығын кеңейту, математика ғылымының дамуына және математиканың, ақпараттық технологиялардың жетістіктерін ғылыми зерттеулерде, техника мен білім беруде қолдануға үлес қосу. Іс-шара ҚР Ұлттық инженерлік академиясының президенті, Түркі әлемі математикалық қоғамының президенті академик Бақытжан Жұмағұлов төрағалығымен өтіп жатыр. Дүниежүзілік конгрестің салтанатты ашылу рәсіміне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы құттықтау хатын жолдап, ғылыми форум жұмысына сәттілік тіледі.



bottom of page