top of page
Search

Түркістан облысында оқушылар газ бен түтіннен уланудан сақтандыратын құрылғы ойлап тапқан

31.01.2024.


Соңғы жылдары адамдардың түрлі жағдайда газ бен түтіннен улану оқиғасы жиіледі. Осындай жағдайға жол бермеу мақсатында Түркістан облысы Ленгір қаласындағы №1 мектеп-гимназияның 7-сынып оқушылары Ерсат Әнуар мен Әлғани Сералы тәжірибелі ұстаз, информатика пәнінің мұғалімі, педагог-сарапшы Салтанат Ұятбаеваның жетекшілік жасауымен газ бен түтіннен уланудан сақтандыратын құрылғы ойлап тапқан.


учащиеся 7-го класса школы-гимназии № 1 города Ленгер Туркестанской области,

- Қазіргі кез – цифрлы технология заманы. Аталмыш технология мүмкіндіктерін адам игілігіне пайдалана отырып, газ бен түтіннен улану оқиғаларын болдырмау керек. Осы мақсатта біз газдан, түтіннен уланудан сақтандыратын құрылғы жасадық. Балалар үйде жалғыз қалған жағдайда газ немесе түтін шықса, мұны құрылғымыздағы датчик сезіп, шиқылдаған дыбыс естіліп, сыртта жүрген ата-ананың мобильді телефонына қауіпті ескертетін смс хабарлама жолданады. Осылайша, қайғылы жағдайдың алдын алуға болады, - дейді Ерсат пен Әлғани.

учащиеся 7-го класса школы-гимназии № 1 города Ленгер Туркестанской области изобрели прибор

Әлгіндей қауіптің алдын алатын жаңа құрылғыға төтенше жағдай мамандары да қызығушылық танытқан. Олар «Бұл құрылғыны газдың сыртқа кетуін анықтауда, өрт сөндіру жүйелерінде, яғни адамдар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде пайдаланған тиімді» деген пікірде.


Жас өнертапқыштардың «Газ бен түтіннен уланудан сақтандыратын құрылғы» жобасы оқушылардың зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарына арналған республикалық «Зерде» конкурсының облыстық кезеңінде робототехника секциясы бойынша І орынды жеңіп алып, республикалық кезеңге жолдама берілген.

 

Қосымша сұрақтар үшін тел: 87059768984 Төлеген Ахметов, Төлеби аудандық білім бөлімі.

bottom of page