top of page
Search

Уәлиханов Университеті мен Woosong университеті арасында ынтымақтастық туралы Меморандум

Уәлиханов Университеті мен Woosong университеті арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Ғылым және жоғары білім министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды. Уәлиханов университетіне ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев, Корея WOOSONG университетінің вице-президенті және негізін қалаушысы Yoo Taek Lee және Қазақстандық «КАО» директоры Kim Jin Eon келді. Кездесу барысында Yoo Taek Lee «Nano-PAMS» цифрлық білім беру платформасын таныстырды, Уәлиханов университеті мен WOOSONG университеті арасындағы тығыз ынтымақтастық мәселелері талқыланды.


Іс-шараның мақсаты Қазақстан - Корея өңірлік инновациялық орталығын құру болды. Кездесу соңында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, оның басты мақсаты – біздің университет «Nano-PAMS» платформасының бір бөлігіне айналу. Сонымен қатар Қуаныш Ерғалиев жоғары медицина мектебінің студенттеріне «Жасөспірімдер арасындағы қоспаларды тұтынуға қарсы жергілікті саяси бастамаларға арналған сабақтар» тақырыбында дәріс оқыды.


bottom of page