top of page
Search

Фин сарапшыларының технологиялары: 100 STEM пәні бойынша университет оқытушылары NU-да оқуын аяқтады

4.03.2024.


NU Жоғары білім беру мектебі Финляндияның HAMK және JAMK университеттерімен бірлесе отырып «Педагогикалық білім беру моделін енгізу және оның мазмұнын нығайту» ауқымды жобасы аясында қазақстандық мұғалімдерді оқытуды жалғастыруда, «Современное образование» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.


100 преподавателей вузов STEM-дисциплин прошли тренинги в NU

Жоба ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі және Дүниежүзілік банк қолдауымен жүзеге асырылды. Бұл бастама – Қазақстанның республикадағы педагогикалық білім беру ландшафтын өзгертуге бейілділігінің айғағы. Жоба Үздік шетелдік тәжірибелерді көрсететін және еліміздің білім беру қажеттіліктеріне жауап беретін педагогикалық білім берудің жетілдірілген моделін енгізуге бағытталған.


NU-да сарапшылар Яркко Ламписелка, Ансси Линделл, Айбаршын Болатова және Гүлниса Жүнісова CLIL технологиясы – пәндік-тілді кіріктірілген оқыту бойынша 18 университеттің 100 оқытушысына тренингтер өткізді. STEM пәндерінің мұғалімдері оқу үдерісіне әртүрлі мектеп пәндерін кіріктіруді үйренді және өздерінің студенттері-болашақ мұғалімдері үшін пәнаралық және тілдік ортаны құруды үйренді.


Бағдарлама гибридті форматта жүзеге асырылып және онлайн және офлайн сессияларды, сондай-ақ тәлімгерлік сессияларды қамтыды. Барлық студенттерге Финляндия университетінің сертификаттары берілді.

bottom of page