top of page

Хорватия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сейфуллин университетіне ресми сапармен келді

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетіне Хорватия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рефик Шабанович пен Елшіліктің Елші орынбасары Мартина Велнич ресми сапармен келді. Сапардың мақсаты – екіжақты ынтымақтастықты орнату және дамыту.


Хорватия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сейфуллин университетіне ресми сапармен келді

Қонақтарды Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Қанат Маратұлы Тіреуов, сондай-ақ проректорлар мен халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық департаментінің өкілдері қарсы алды.


Кездесу барысында ректор аграрлық білім беру саласындағы заманауи жаһандық сын-қатерлерге тоқталды. Оның айтуынша, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығын климаттың өзгеруіне бейімдеу, инновацияларды енгізу және тұрақты даму – қазіргі заманның басты міндеттері.


«Бұл сын-қатерлерді еңсерудің маңызды тетігі – халықаралық ынтымақтастық. Осы тұрғыда біз Хорватия университеттерімен тікелей байланыс орнатуға, оқытушылар мен студенттер алмасуына, бірлескен ғылыми жобаларды іске асыруға, сондай-ақ қысқа мерзімді білім беру бағдарламаларын, тағылымдамалар мен жазғы мектептер ұйымдастыруға мүдделіміз. Сіздің сапарыңыз осы бағыттағы диалогты бастаудың сәті деп білеміз. Бүгінгі кездесу екі ел арасындағы академиялық және ғылыми байланысты тереңдетудің алғашқы қадамы болмақ», – деді Қанат Маратұлы.

Өз кезегінде Елші Рефик Шабанович Хорватия Республикасы халықаралық академиялық және ғылыми ынтымақтастықты дамытуға айрықша мән беретінін атап өтті. Ол ауыл шаруашылығы, азық-түлік қауіпсіздігі және тұрақты даму салаларында университетаралық серіктестікке қолдау білдіретінін жеткізді.


Сапар аясында қонақтарға университеттің білім беру, ғылыми-зерттеу және халықаралық қызметі таныстырылды. Тараптар қос дипломды және бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыру, академиялық ұтқырлық пен ғылыми интеграция бойынша болашақтағы серіктестік мүмкіндіктерін талқылады.пломных и совместных образовательных программ, академической мобильности и научной интеграции.

Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page