top of page

ШҚО-да «Түркістан – мыңжылдықтар сәулесі» атты көрме ашылды

2025 жылдың 19 тамызында Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Түркістан – мыңжылдықтар сәулесі» атты көрменің ашылу салтанаты өтті.


ree

Көрме Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлы ойшыл, түркі әлемінің рухани темірқазығы Қожа Ахмет Ясауидің асыл мұрасын кеңінен насихаттау жөніндегі тапсырмасы аясында ұйымдастырылып отыр.


Көрменің басты мақсаты –Қожа Ахмет Ясауидің өнегелі ілімі мен хикметтерін, Ясауи мектебінің рухани құндылықтарын кеңінен дәріптеу және түркі өркениетінің мәдени мұрасын көпшілік назарына ұсыну.


Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысының мәдениет саласының өкілдері, зиялы қауым, музей мен кітапхана қызметкерлері, жас ғалымдар, студенттер және түркі дүниесінің тарихы мен руханиятына қызығушылық танытқан қалың көрермен қатысты.


Көрме 2025 жылдың 13 қыркүйегіне дейін ұсынылады.

Comentários


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page