top of page
Search

ШҚТУ да TOEFL IBT тест орталығы ашылды

25.04.2024.


Академиялық апта аясында Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде TOEFL IBT тест орталығын ашты.


Тестовый центрTOEFL iBT в ВКТУ

TOEFL iBT - бұл 4,5 сағатқа созылатын және ағылшын тілін оқу, тыңдау, жазу және сөйлеу дағдыларын тексеруге бағытталған тест. TOEFL IBT тестін көбінесе АҚШ (немесе басқа ағылшын тілді елдер) университеттеріне түсетін студенттер тапсырады. Тест академиялық ағылшын тіліне бағытталған. Сонымен қатар, TOEFL сертификаты шетелде жұмыс істегісі келетіндерге немесе әртүрлі халықаралық тағылымдамаларға, волонтерлік қызметке қатысқысы келетіндерге қажет болуы мүмкін.


Енді тестті ресми түрде тапсырып, TOEFL IBT сертификатын ШҚТУ-да алуға болады. Университет ETSGlobal-мен шарт негізінде TOEFL IBT халықаралық емтиханын өткізетін аймақтағы жалғыз жоғары оқу орны болып табылады.


– Біздің университетте TOEFL IBT ресми тестілеу орталығының ашылуы ерекше оқиғалардың бірі болып табылады. ШҚТУ TOEFL ITP аккредиттелген орталығының иесі болып табылады. TOEFL IBT орталығының ашылуы - үлкен жауапкершілік пен бізге деген сенімнің өзгеше деңгейі. Сәйкесінше халықаралық серіктестердің жоғары талаптары, – деп атап өтті Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проректор Машекенова Әсия Хасенқызы.

Іс-шараға қала мектептерінің оқушылары, НЗМ өкілдері, тіл орталықтарының қызметкерлері, студенттер, ғылыми қызметкерлер және ШҚТУ Профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты. Олар үшін TOEFL тестіне қатысты сұрақтардан тұратын қызықты квиз өткізілді. Ерекше көзге түскен белсенді қатысушыларға ағылшын тілінің әртүрлі деңгейлері бойынша білім беру әдебиеттері сыйлық ретінде табыс етілді.


TOEFL IBT тестіне қатысты барлық сұрақтар бойынша мына нөмірге хабарласуға болады: +7 777 062 9704


TOEFL iBT


bottom of page