top of page

Ғылым декадасы: Жетісу университетіндегі Марке политехникалық университеті филиалында ашық есік күні өтті

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті базасындағы Марке политехникалық университетінің филиалында Ғылым декадасы аясында ашық есік күні өтті.


Ғылым декадасы: Жетісу университетіндегі Марке политехникалық университеті филиалында ашық есік күні өтті

Шараға Жетісу облысы білім басқармасының өкілдері, Назарбаев зияткерлік мектебінің, № 20 және М. Арын атындағы №24 мамандандырылған лицейінің оқушылары қатысты. Ғылым декадасының ашылуында басқарма төрағасы – ректор Ермек Бөрібаев сөз сөйлеп, апталық аясында атқарылатын шаралардың маңызына тоқталды.


Ғылым декадасы: Жетісу университетіндегі Марке политехникалық университеті филиалында ашық есік күні өтті

«Ғылым декадасы – бұл жаңа мүмкіндіктердің бастауы. Бұл – білім мен ғылымның тоғысқан, жаңа идеялар мен тың бастамалардың өмірге келетін алаңы. Ғылым апталығы аясында өтетін кездесулер, конференциялар, байқаулар мен семинарлар сіздердің ғылыми әлеуеттеріңізді арттырып, жаңа жетістіктерге жетелейді деп сенемін», – деді ректор.

Ғылым декадасы: Жетісу университетіндегі Марке политехникалық университеті филиалында ашық есік күні өтті

Марке политехникалық университеті Ауыл шаруашылығы, тағам және экологиялық ғылымдар департаментінің директоры Давиде Нери бейнеқұттықтау жолдады. Шара барысында «Италияда білім алу: тәжірибе, мүмкіндік, болашақ» тақырыбында ашық диалог алаңы өтті.


Онда Марке политехникалық университетінің агрономия мамандығының оқытушысы Марко Фиорентини «Дәлме-дәл егіншілік және агрономиялық шешімдерді қолдау мен егістік жұмыстарын жүргізуге арналған жасанды интеллект», Халықаралық ынтымақтастық орталығының сарапшысы Ильяр Абдухаиров «Италияда Erasmus+ академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында оқу», Жетісу университетінің агрономия мамандығының 3-курс студенті Малика Арынова «Агрономия мамандығын оқудағы менің жолым», Екі шет тілі мамандығының 3-курс студенті Назым Нурсейтова – «Академиялық ұтқырлық аясында шетелде білім алу: менің Малайзия еліндегі тәжірибем» тақырыбында ашық диалог жүргізіп, өз тәжірибелерін ортаға салды. Ашық есік күніне келген қонақтар мен мектеп оқушылары «Jas galym» және «Zhetysu startup» жобаларының көрмесін тамашалады.


Сондай-ақ, Speed Breeding пен Академиялық артықшылық орталығын аралап, Марке политехникалық университеті филиалының базасымен жақынырақ танысты.


Ғылым декадасы: Жетісу университетіндегі Марке политехникалық университеті филиалында ашық есік күні өтті

© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page