top of page
Search

Ғылым қоры мен «Сколково» инновациялық орталығы жаңа технологияларды коммерцияландыру құралдарын талқылады

30.01.2024.


ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым қоры Басқарма төрағасы Камиль Ақатов «Сколково» ИО әріптестерімен кездесті, «Современное образование» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. 


Фонд науки и российский инновационный центр «Сколково»

Жиын барысында өңірлік және халықаралық даму жөніндегі вице-президент «Сколково» ИО басқарушы директоры Юрий Сапрыкин орталықтың қызметі туралы мәлімет берді.


Кездесуде технологияларды коммерцияландыру мүмкіндігіне,соның ішінде екіжақты ынтымақтастықты дамытуға байланысты мәселелер талқыланды.


Тараптар гранттық қаржыландыру шеңберінде ғалымдарды қолдау құралдарына жеке тоқталып, ғылым мен бизнестің ықпалдастығын күшейту саласында тәжірибе алмасты.

Сондай-ақ, Ғылым қорының өкілдері «АгроТехХаб» биомедициналық кластеріне, HardWare-стартаптарды дамытуға арналған «МегаХакСпейс» алаңына, ұжымдық пайдалану орталықтарына, агроөнеркәсіп кешені зертханаларына, «Сколково» ғылым және технологиялар университетіне барып қайтты. «SK RnD Market» өндіріс және технологиялар саласында тапсырыс берушілер мен орындаушыларды іздеудің толық циклді платформасымен танысты.


Фонд науки и российский инновационный центр «Сколково»




bottom of page