top of page
Search

Қазақстан азаматтары Esil университеті дипломымен бірге CMI сертификатын алатын болады

Орталық Азия және Қазақстан азаматтары Esil университеті дипломымен бірге CMI сертификатын алатын болады. Ғылым және жоғары білім министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.


Орталық Азияда алғаш рет қазақстандық Esil университеті Chartered Management Institute (CMI, Ұлыбритания) ең беделді кәсіби менеджмент қауымдастығымен келісімге қол қойды.


Ынтымақтастық туралы келісім шартқа қол қою рәсіміне ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Esil University қамқоршылық кеңесінің және директорлар кеңесінің мүшелері, Астана қаласы ЖОО өкілдері, сондай-ақ Esil University қызметкерлері мен студенттері қатысты.

«Қазақстандық жекеменшік жоғары оқу орындары арасында CMI халықаралық кәсіби стандартына сәйкес студенттерді даярлауда алғашқылардың бірі болып, маңызды қадамға баруларыңыз үлкен жауапкершілікті артады», - деп атап өтті Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Chartered Management Institute (FCMI& CMgr) халықаралық бөлімінің басшысы Заин Мунир CMI бағдарламаларына шолу жасап, жұмыс берушілерге қандай дағдылар қажет екенін және CMI осыған байланысты қалай көмектесетінін егжей-тегжейлі айтып берді.


Айта кету керек, менеджмент және экономика бағдарламаларының студенттері үшін CMI сертификатын енгізу Esil University студенттеріне ұйымды тиімді басқаруға қажетті алдыңғы қатарлы жоспарлау дағдыларын дарытып қана қоймайды, сонымен қатар олардың әлемдік қауымдастықтың бір бөлігі болуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде сертификатталған менеджерлер отандық, ең бастысы, әлемдік еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болады.



bottom of page