top of page

ҚАТЗУ: Қазақстан – Беларусь ғылым және мәдениет орталығы ашылды

2026 жылғы 10 сәуірде Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде «Қазақстан – Беларусь ғылым және мәдениет орталығының» салтанатты ашылу рәсімі өтті. Орталықтың салтанатты ашылуы университеттің басқарма төрағасы – ректоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Қанат Маратұлы Тіреуов пен Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Игоревич Богдановтың қатысуымен өтті.


В КАТИУ открылся Казахстанско-Белорусский научно-культурный центр

Орталықтың ашылуына Халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық департаменті мен қазақ және орыс тілдері кафедрасының ұжымы ұйытқы болды.


Аталған орталықтың негізгі мақсаты – Қазақстан мен Беларусь мемлекеттері арасындағы ғылыми, білім беру және мәдени ынтымақтастықты дамыту, мәдениетаралық диалогты нығайту және білім алмасуға ықпал ету.


Орталықтың негізгі міндеттерінің қатарында бірлескен ғылыми зерттеулер мен жобаларды дамыту, академиялық және білім беру алмасуларын ұйымдастыру, екі елдің мәдениеті, тілі мен дәстүрлерін насихаттау, ғылыми конференциялар мен мәдени іс-шаралар өткізу, сондай-ақ жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты кеңейту көзделген.


Ашылу рәсіміне университеттің профессор-оқытушылар құрамы, ғылыми қызметкерлері, студенттер және серіктес ұйымдардың өкілдері қатысты.


Жаңа орталықтың ашылуы Қазақстан мен Беларусь арасындағы ғылыми және мәдени байланыстарды нығайтуға бағытталған маңызды қадам болып табылады. Гуманитарлық және педагогикалық ғылымдар институтының директоры, ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор Ж.Т.Кульжанова және қазақ және орыс тілдері кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., қауымдастырылған профессор А.Ш.Тлеулесова Қазақстан – Беларусь ғылым және мәдениет орталығының екі ел арасындағы ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға және тәжірибе алмасуға зор мүмкіндік беретінін атап өтті.

Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page