top of page
Search

Қазақстан бойынша decentrathon WEB3 хакатоны басталды

Қазақстан бойынша ең ІРІ WEB3 хакатоны басталды. Ғылым және жоғары білім министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.


26-28 мамыр аралығында Жұбанов университетінің базасында decentrathon хакатоны өтуде. Бұл еліміздің 9 өңірінде 15 жоғары оқу орнында бір мезгілде өткізілетін алғашқы анимациялық және ең ірі Web3 хакатоны. Жарыс онлайн және офлайн форматта өтеді.


Ақтөбе қаласы бойынша Хакатонға 50-ге жуық студенттер мен оқушылар қатысуда. Дарынды жастар үшін бұл 72 сағаттық сайыста өз әлеуетін көрсетудің және 10 мың доллар құрайтын жүлде қоры иегерлерінің бірі болудың бірегей мүмкіндігі.


Айта кетейік, Хакатон - бұл өз клиенттері үшін командалар белгілі бір уақыт аралығында бағдарламалық жасақтама жасауы керек интеллектуалды жарыс. Ал Web3 - бұл болашақта интернетті жаппай пайдаланушылардың жаңа тұжырымдамасы. Жаңа сала енді ғана қолданысқа енгізілуде




bottom of page