Қазақстан білім беру стандарттарын қайта қарауға ниетті
- Редакция "СО"

- Mar 19
- 1 min read
Оқу-ағарту министрлігі оқу бағдарламаларының мазмұнын күшейтуге және оқу қорын жаңартуға бет бұрғалы оты. Бұл туралы Үкіметтің отырысында ҚР оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді, «Замануи білім беру» журналы ҚР Премьер-министрінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«Биылғы 13 наурызда өткен Digital Qazaqstan жобасы жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысына егжей-тегжейлі баяндалғандай IT саласын және цифрлық құзыреттерді дамытуға ерекше назар аударылатын болады. Бұл өскелең ұрпақтың бойында қажетті білім мен дағдыларды қалыптастыруға, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауды қамтамасыз етуге және қарқынды технологиялық даму жағдайында елдің әлеуетін нығайтуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Жұлдыз Сүлейменова.
Министр атап өткендей, білім берудің бастауыш буынын нығайтуға басты назар аударылатын болады, өйткені дәл осы кезеңде баланың одан әрі білім беру траекториясын қалыптастыратын базалық білім, дағдылар мен құндылықтардың іргетасы қаланады. Оқу бағдарламаларының мазмұны ғана емес, оқулықтардың сапасы да жыл сайын қайта қаралатын болады, сондай-ақ 1-сынып оқушылары негізгі пәндер бойынша жұмыс дәптерлерімен қамтамасыз етіледі.
5-тен 9-сыныпқа дейінгі кезеңде еңбек нарығындағы өзгерістерге және экономиканың адами капиталды дамытуға бағдарлануы маңызды факторға айналады. Бұл процестер білім беру стандарттарын іргелі ғылымдарды терең зерттеуге баса назар аудара отырып қайта қарауға алғышарт тудырады.
Сонымен қатар «Қазақстан географиясы» пәні 8-9 сыныптарда аптасына екі сағат қайта оқытыла бастайды.
Оқу бағдарламалары іргелі білімді дәйекті түрде бекітуге бағытталады. Орта мектепте барлық негізгі пәндерді міндетті түрде оқу заңмен бекітіледі.



Comments