top of page

Қазақстан білім беруді бағалау жүйесін дамытуда: Ұлттық тестілеу орталығы мен ETS халықаралық зерттеу іс-шараларын бастады

Ұлттық тестілеу орталығы мен білім беруді бағалау саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі болып саналатын Educational Testing Service компаниясының бірлесіп ұйымдастыруымен халықаралық зерттеу іс-шаралары басталды. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі өкілдері, ҰТО сарапшылары және халықаралық мамандар қатысты.


Начинается разработка нового формата тестирования с ETS

Өз сөзінде министр Саясат Нұрбек Қазақстанның білім беру жүйесін дамытудың стратегиялық бағытын таныстырып, ұлттық бағалау жүйесін жаңғыртудың басымдықтарын атап өтті. Әсіресе, білімді бағалаудың заманауи, объективті және халықаралық деңгейде салыстыруға болатын құралдарын енгізудің маңыздылығына ерекше назар аударылды.


Министр халықаралық әріптестіктің маңызын атап өтіп, Educational Testing Service ұйымымен ынтымақтастық тестілеу сапасын арттыруға және озық әлемдік тәжірибені ұлттық жүйеге енгізуге жаңа мүмкіндіктер ашатынын жеткізді.


Негізгі бағыттардың бірі ретінде Admissions Insight Test (AIT) атты жаңа тестілеу форматын әзірлеу белгіленді. Бұл құрал бағалау жүйесін одан әрі дамытуға, оның ашықтығы мен тиімділігін арттыруға ықпал ететін негізгі тетіктердің бірі ретінде қарастырылады.


Іс-шара аясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен ҰТО өкілдерінің қатысуымен жұмыс сессиялары өтті. Онда Ұлттық тестілеу орталығы зерттеудің алғашқы кезеңінің нәтижелерін таныстырды. Аталған кезеңде мектеп оқушылары, ата-аналар, педагогтер және жоғары оқу орындары өкілдері арасында ауқымды сауалнама жүргізілді. Сонымен қатар халықаралық тәжірибені ұлттық ерекшелікке бейімдеу, тестілеу жүйесінің технологиялық және әдіснамалық бағыттарын жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.


Аталған іс-шара халықаралық стандарттарға сай келетін заманауи бағалау жүйесін қалыптастыруға бағытталған келісілген шешімдер қабылдаудың маңызды алаңына айналды. Бұл жұмыс 24 сәуірге дейін жалғасады.

Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page