top of page
Search

Қазақстан делегациясы Германияда техникалық университеттермен келісім жасады

Қазақстан делегациясы Германияда техникалық университеттермен келісім жасады. Ғылым және жоғары білім министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.


Қазақстан-Неміс университеті (DKU) және Yessenov University бірлескен бастамасымен Ақтау қаласында ашылады деп жоспарланған «German Institute of Engineering» институтын құру бойынша 27 наурыз бен 1 сәуір аралығында Қазақстан делегациясы Германияға барды.


Ең алғашқы келісім Солтүстік Германиядағы алдыңғы қатарлы университет Haw Hamburg университетінен басталды. Одан кейін, Анхальт қолданбалы ғылымдар университетінде (Hochschule Anhalt) және Technische Hochschule Wildau университеттерімен кезекті келісімдерге қол қойылды.


Аталған университетпен ынтымақтастық туралы келісім – оқу бағдарламаларды кеңейтуге, елімізге профессорлар шақырып тәжірибе алмасуға, академиялық ұтқырлыққа, үш дипломдық білімге жол ашады.


Германия тарапынан жаңа институттың жұмысына көрсетілетін қолдауларын талқылау мақсатында Yessenov University мен Қазақстан-Неміс университетінің президенттері Германияның сыртқы істер министрлігімен де кездеседі.



bottom of page