top of page

Қазақстан мектеп оқушылары арасында өз бақшасын өсіруге бағытталған экологиялық байқау басталды

Қазақстанда бастауыш сынып оқушыларына арналған «Өз бағыңды өсір» атты республикалық экологиялық байқау басталды. Бұл бастама «Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасы аясында өткізілуде. Аталған бағдарламаны Nestlé компаниясы елімізде 2013 жылдан бері жаһандық Nestlé for Healthier Kids бастамасының бір бөлігі ретінде жүзеге асырып келеді.


Қазақстан мектеп оқушылары арасында өз бақшасын өсіруге бағытталған экологиялық байқау басталды

Бағдарлама балалардың бойында ерте жастан пайдалы әдеттерді қалыптастыруға – өз денсаулығына күтіммен қарауға және қоршаған ортаға жанашыр болуға бағытталған.

 

Байқауға 1-4 сынып оқушылары мен олардың ұстаздары қатыса алады. Оқушылар қоршаған ортаны қорғау тақырыбында арнайы эко-плакаттар сызып, өз идеяларын ұсынады. Жұмыстар www.prav-pit.kz сайтына жүктеліп, екі кезең бойынша бағаланады. Алдымен сайт оқырмандары дауыс берсе («лайк» басу), кейін кәсіби мамандардан (нутрициологтар, экологтар мен ұстаздар) құралған қазылар алқасы үздіктерді анықтайды. 

«Біздің мақсатымыз – балаларға тек теориялық білім беру емес, олардың әрбір әрекеті табиғатқа қалай әсер ететінін іс жүзінде көрсету. Бала бір нәрсені өз қолымен жасап, талқылаған кезде ғана ол білім есте қалып, жеке тәжірибеге ұласады. Болашақта пайдалы әдетке айналатын қасиеттер осылай қалыптаспақ», – деді Nestlé-нің Еуразия өңіріндегі басшысы Максим Щетин.
Қазақстан мектеп оқушылары арасында өз бақшасын өсіруге бағытталған экологиялық байқау басталды

 

Байқау қорытындысы бойынша ең белсенді қатысушыларға сыйлықтар мен жеңімпаз сыныптардың мектептеріне егілетін ағаш көшеттері беріледі. Осылайша, ұйымдастырушылар байқаудың жас қатысушыларына маңызды ойды жеткізгісі келеді: тіпті баланың өзі бүгіннен бастап болашаққа қамқорлық жасауға өз үлесін қоса алады. Байқау 2026 жылдың 30 сәуіріне дейін жалғасады.

 

Жоба авторларының айтуынша, мұндай бастамалар балалармен маңызды тақырыптарда оларға түсінікті әрі қызықты тілде сөйлесуге мүмкіндік береді. Тіпті кішкентай қадамның өзі еліміздегі экологиялық мәдениеттің өсуіне үлкен септігін тигізбек.

 

Байқау туралы толық мәлімет алып, қатысу үшін мына сайтқа өтіңіз: www.prav-pit.kz.

 

«Салауатты тамақтану мектебі» елорда мен Алматы мектептерінде 2013 жылдан бері жұмыс істеп келеді, ал 2023 жылдан бастап географиясын Қазақстанның басқа қалаларына кеңейтуде. Бағдарлама 7-10 жас аралығындағы балаларға бағытталған және мұғалімдер жүргізетін сабақтар жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Ол Алматы қаласы Білім басқармасының қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы мен Қазақ тағамтану академиясымен бірлесіп әзірленген.


Қазақстан мектеп оқушылары арасында өз бақшасын өсіруге бағытталған экологиялық байқау басталды

 

Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page