top of page
Search

Қазақстан мен Өзбекстан Үкіметтерінің басшылары Ташкентте келіссөз жүргізді

Ташкент қаласында Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы екіжақты ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссия отырысы өтті. Премьер-Министр және Ғылым және жоғары білім министрілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «Современное образование» журналы хабарлайды.


Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Өзбекстан Премьер-Министрі Абдулла Ариповпен Ташкентте өтіп жатқан екіжақты ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның 20-шы отырысы қарсаңында келіссөз жүргізді.


Тараптар қазақ-өзбек өзара іс-қимылының бірқатар өзекті мәселесін, оның ішінде сауда, өнеркәсіп кооперациясы, инвестициялық қызмет, энергетика, логистика, трансшекаралық су нысандарын пайдалану, мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту және т.б. салалардағы бірлескен қадамдарды талқылады.


Сапардың бірінші күні ҚР Жоғары білім және ғылым вице-министрі Қ.А.Ерғалиев пен Өзбекстанның Жоғары білім, ғылым және инновациялар Министрінің бірінші орынбасары К.Х. Каримовтың басшылығымен екіжақты кездесуге қатысты.


Кездесу барысында делегация Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институты, Шыршық мемлекеттік педагогикалық университеті және Өзбек мемлекеттік дене шынықтыру және спорт университеті сияқты серіктес жоғары оқу орындарына барды.


Бірінші күннің соңында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті мен Өзбек мемлекеттік дене шынықтыру және спорт университеті арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.



bottom of page