top of page
Search

«Қазақстан халқына» білім беру гранттары бойынша ақпарат

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры 2023-2024 оқу жылына 850 білім грантын бөлді, «Современное образование» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Алдымен бұл бағдарлама бойынша кімдер конкурсқа қатыса алатынын айта кетейік: Ағымдағы жылы ҰБТ тапсырған (қаңтар, наурыз, негізгі және тамыз ҰБТ сертификаттарының бірін ұсынуға болады) және жоо-ға түсу үшін шекті балдарды жинаған түлектер: - ауылдық жерлердегі, шағын және моноқалалардағы жағдайы төмен отбасылардан шыққан тұлғалар; - жетім балалар немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; - мүгедектігі бар азаматтар; - мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар; - 2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде қаза тапқан ҚР азаматтарының балалары; - 2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде жараланған балалар; - төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен Қазақстан Республикасының қаза тапқан азаматтарының балалары. Бағдарламаға қатысудың шекті жасы толық 29 жасты құрайды. Өтініш беру мерзімі: 10-17 тамыз. Құжаттарды жоо-лардың қабылдау комиссиялары арқылы тапсыру керек. Грант иегері оқуын аяқтағаннан кейін оны өтеуге міндетті емес. Толық ақпарат @qazaqstanhalqyna.kz қорының сайты мен әлеуметтік желілерінде жарияланған.















bottom of page