top of page

Қазақстан ұшқышсыз авиация экожүйесін қалыптастыруда: Азаматтық авиация академиясындағы сессия нәтижелері

Азаматтық Авиация Академиясында «Қазақстанның ұшқышсыз көлігі: инновациялар, білім және қауіпсіздік» атты сессия өтті. Іс-шараға ҚР Көлік министрлігі, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Қазақстанның авиациялық әкімшілігі, ғылыми институттар, технологиялық компаниялар және елдің жетекші жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.


Қазақстан ұшқышсыз авиация экожүйесін қалыптастыруда: Азаматтық авиация академиясындағы сессия нәтижелері

Кездесу Қазақстандағы ұшқышсыз авиация экожүйесінің қандай болуы тиіс екендігі және оны қауіпсіз дамыту үшін қандай құзыреттер қажет екені жөніндегі мазмұнды диалог алаңына айналды. Қонақтарға Академияның оқу-тәжірибелік тренажерлық және зертханалық базасы таныстырылды – мұнда ұшқышсыз жүйелердің операторлары мен инженерлерінің жаңа буындары даярланып келеді.

ААА-ның ұшқышсыз ұшу аппараттары саласындағы мамандар даярлаудағы рөлі күшеюде

Академия ректоры Бекен Сейдахметов өз сөзінде:

«Азаматтық Авиация Академиясы ұшқышсыз авиация саласындағы құзыреттер орталығына айналуы тиіс – кадр даярлаудан бастап ғылыми зерттеулер мен саланың нормативтік-әдістемелік қолдауы да біздің жауапкершілігімізде», – деп атап өтті.

Саяси-стратегиялық маңызды бағдар – Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен 2025–2031 жылдарға арналған азаматтық ұшқышсыз авиацияны дамыту тұжырымдамасы (№ 412 қаулы). Онда маңызды қағида көрсетілген: «Азаматтық Авиация Академиясы салалық білім берудің флагманы ретінде жаңа саланың кадрлық қамтамасыз етілуінде жетекші рөл атқаруы тиіс және мемлекеттік сектор үшін бірыңғай терезе ретінде әрекет ете алады».

Бұл – Академияға ұшқышсыз ұшу аппараттары саласындағы ұлттық құзыреттер орталығы мәртебесін ресми түрде бекітеді. Демек, операторлар мен инженерлерді дайындау, стандарттарды әзірлеу, ICAO/EASA талаптарын енгізу – ААА бастамасы ғана емес, мемлекеттік саясаттың бір бөлігі.

Бүгінде Академия ұшқышсыз авиация саласын дамыту үшін талап етілетін білім беру және технологиялық инфрақұрылымды жүйелі түрде қалыптастырып келеді: зертханалар іске қосылды, технопарк кеңеюде, сондай-ақ ұшқышсыз авиациялық жүйелерге арналған жаңа оқу бағдарламасы енгізілді. Қысқы сессиядан кейін студенттер дуалды оқытуға көшеді: оқу мен өндірістік тәжірибені ұштастырып, жобаларға қатысады.

«Ұшқышсыз ұшу аппараттары және жүйелері» мамандығына қызығушылық артуда: 2-курста – 35 студент, 1-курста – 45 студент оқып жатыр. Бағыттың танымалдығы оның перспективалы екендігін және Академияның негізгі брендіне айналуға жақын екенін көрсетеді.

 

В Академии гражданской авиации состоялась сессия «Беспилотный транспорт Казахстана: инновации, образование и безопасность»

Технология дамуымен қатар нормативтік реттеу де ілесе жүруі тиіс

ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті өкілдерінің айтуынша, дрондар нарығы нормативтік базаға қарағанда әлдеқайда жылдам өсуде.

Басты басымдықтар:

• ұшқышсыз ұшу мәдениетін дамыту;

• барлық аппараттарды тіркеу және есепке алу;

• әуежайлар мен тығыз құрылысты аймақтарда ұшуға тыйым;

• операторларды бірыңғай стандарттар бойынша даярлау.

Дрондар қазірдің өзінде қалалық әуе мобильділігінің бөлігіне айналуда: жеткізу дрондары, агродрондар, инфрақұрылымды инспекциялау – сондықтан қауіпсіздік бірінші орынға шығады.


Спутниктік технологиялар, цифрлық сервистер және ЖИ – саланың жаңа драйверлері

Ғылыми орта өкілдерінің айтуынша, спутниктік навигация, ұшқышсыз жүйелер және цифрлық платформалардың тоғысуы жаңа мүмкіндіктер ашады:

• инфрақұрылымды бақылау және апаттардың алдын алу;

• егін жағдайын талдау;

• өнімділікті бақылау;

• табиғи құбылыстарды болжау;

• ТЖ қызметтерінің жедел әрекеті.

ҰҰА арқылы алынған деректер мемлекеттік басқаруда да, бизнес шешімдерінде де негізгі ресурсқа айналуда.


Бизнес: өндіріс локализациясы мен технологиялық серпін

Технологиялық компания өкілдері Академия базасында дайындалған алғашқы мамандардың коммерциялық дрон-жеткізу жобаларына қатысуға дайын екенін атап өтті.

Рұқсат алу рәсімі шамамен 9 айға созылады, одан кейін 2–3 км радиуста тауарлар мен дәрі-дәрмек жеткізу сынақтары басталмақ.

Компаниялар:

• дрондар мен дрон-киоскілер өндірісін локализациялау;

• R&D орталықтар құру;

• бір оператордың дрондар тобын басқаруын енгізу;

• робот-собакалармен соңғы километрді автоматтандыру бағытында жұмыс жүргізуде.

Бір дрон сағатына 4 жеткізуге дейін орындай алады – бұл технологияны курьерлік модельге жақындатады.

 

В Академии гражданской авиации состоялась сессия «Беспилотный транспорт Казахстана: инновации, образование и безопасность»

Жауапкершілік, сақтандыру және оқыту стандарттары – қауіпсіздіктің тірегі

Талқылау барысында мамандар операторларды даярлау деңгейі авиациялық қауіпсіздікке тікелей әсер ететінін атап өтті.

Академияның 2-курс студенттері мемлекеттік реестрлерге енгізілді және азаматтық әрі ведомстволық жүйеде жұмыс істей алады – бұл бірыңғай кадрлық база қалыптастыруға маңызды қадам.

Назарда:

• операторлардың үшінші тұлғалар алдындағы міндетті сақтандыру жүйесін дамыту

• бір инструкторға бекітілетін студенттер санының қатаң нормалары

Бұл талаптар оқыту сапасын және қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

Студенттер үштілді ұшқышсыз авиация терминдері сөздігін дайындауда – ол кәсіби лексиканы жүйелеуге және мемлекеттік тілдің позициясын нығайтуға қызмет етеді.


Резолюция қабылданды: даму басымдықтары анықталды

Сессия қорытындысы бойынша келесі бағыттар бекітілді:

• нормативтік базаны жаңарту, ICAO және JARUS стандарттарына сәйкестендіру;

• тіркеу және ұшуларды бақылауды цифрландыру;

• оқу орталықтары мен симуляциялық зертханаларды дамыту;

• кадр даярлау және біліктілікті арттыру;

• мемлекет – ғылым – бизнес серіктестігін кеңейту;

• Академияның ұлттық орталық ретіндегі рөлін нығайту.

Қатысушылар бір пікірде: ұшқышсыз авиацияның дамуы – ғылымға негізделген саясат, озық технологиялар, тиімді реттеу және кәсіби кадрлар талап етеді.

Азаматтық Авиация Академиясы саланың құзыреттері, инновациялары және шешімдері дамитын орталық алаң болуды жалғастыруға дайын.


В Академии гражданской авиации состоялась сессия «Беспилотный транспорт Казахстана: инновации, образование и безопасность»

Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page