top of page

Қазақстанда жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 minutes ago
2 min read

2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады. Қазіргі таңда пилоттық жоба Павлодар және Қызылорда облыстарындағы мектептерде жүзеге асырылуда.


Қазақстанда жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында білім алушылардың мектеп қабырғасынан бастап жасанды интеллект саласындағы құзыреттерін дамытуға қатысты берген тапсырмаларына сәйкес жүзеге асырылуда. 


Пилоттық жоба Павлодар және Қызылорда облыстарында орналасқан еліміздің алғашқы 10 мектебін қамтиды. Жоба шеңберінде 4-сыныпта оқитын 50-ден астам оқушы математика, цифрлық сауаттылық, қазақ тілі және орыс тілі пәндері бойынша оқыту ұйымдастырылды. Аталған жоба – 2026–2029 жылдарға арналған орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізу жөніндегі кешенді жоспарды жүзеге асыру шараларының бір бөлігі.


Маңызды кезеңдердің бірі жуырда Үрімші (ҚХР) қаласында қазақстандық Q.AI жасанды интеллект компаниясы мен әлемдік деңгейдегі жасанды интеллект саласының сарапшысы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жасанды интеллект жөніндегі кеңестің мүшесі Ли Кай-Фу негізін қалаған халықаралық 01.AI компаниясы арасында жобаны кезең-кезеңімен кеңейту туралы келісімге қол қойылуы болды.


Жоба кезең-кезеңімен кеңейтіледі: 


🟦2027 жылғы қаңтарда қатысушы мектептердің санын кемінде 50-ге дейін көбейту жоспарлануда;


🟦сәуірде 440-қа дейін;


🟦2028 жылдың шілдесіне қарай еліміздің 2,6 мыңға жуық шағын жинақты мектептері толық қамтылмақ.


Оқу процесі қашықтан оқыту технологияларын қолдана отырып, гибридті модель бойынша құрылған: педагогтер «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығының базасында арнайы жабдықталған студиядан онлайн режимде сабақ өткізеді. Бұл уақытта ауылдық сыныптарда жергілікті мұғалімдер сабақ барысында балаларға материалды игеруге бірге көмектеседі, ал оқушылардың белсенділігі мен қатысуын бақылау интерактивті кликерлер мен цифрлық құралдардың көмегімен жүзеге асырылады.


Сонымен бір мезгілде педагогтерді, мектеп басшыларын және аудандық білім бөлімдерінің мамандарын даярлау жалғасады.


«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның базасында отандық суперкомпьютерлік кластердің есептеу қуаттарын пайдаланатын ЖИ-платформаның технологиялық негізі орналастырылған.

Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page