Қазақстандық колледж студенті XIII Antalya Open Cup халықаралық турнирінің жүлдегері атанды
- Редакция "СО"

- 6 hours ago
- 1 min read
Жамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік колледжінің студенті Ришат Мансуров Түркияның Кемер қаласында өткен муайтайдан XIII Antalya Open Cup халықаралық турнирінде тамаша өнер көрсетіп, «Замануи білім беру» журналы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Ришат Мансуров кәсіптік колледждің 2 курс студенті, «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша білім алуда. Ол муайтай спортымен 8 жасынан бері тұрақты түрде айналысып келеді.
Бұл жарысқа әлемнің 25 елінен 500-ден астам спортшы қатысты. Аталған додада Қазақстан құрамасы да үздік нәтижелер көрсетіп, жалпы есепте 20 алтын, 11 күміс және 7 қола медаль иеленді.



Comments