top of page

Қазақстанның үш өңірінде оқушылар аралық және қорытынды емтихандардан босатылды

May 23, 2024
1 min read

23.05.2024.


Су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі 3,5 мыңнан астам оқушы аралық және қорытынды емтихан тапсырмайды. Бұл туралы ҚР оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев хабарлады.


профориентационные лагеря

Олардың қатарында Атырау, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарының білім алушылары бар.


Олардың қорытынды бағасы жылдық бағалары негізінде шығарылады.


Айта кету керек, 9-шы және 11-сыныптарды бітірушілер үшін қорытынды емтихандар 29 мамыр мен 11 маусым аралығында өтеді.


Алғаш рет 5-8, 10 сынып оқушылары үшін қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау мақсатында қазақ тілінен аралық емтихандар өтеді.


2023-2024 оқу жылының аяқталуында «Білімім - Отаныма» бірыңғай сынып сағаты өтеді. 25 мамыр күні «Мектебім, саған мың алғыс!» тақырыбында мектеп бітірушілерге арналған іс-шара өтеді.


Аттестаттар тапсыру салтанаты 12-15 маусым аралығына белгіленді.

Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page