ҚазҰУ робототехника мен ЖИ саласында серіктестікке қол қойды
- Редакция "СО"

- 7 hours ago
- 1 min read
Астана қаласында өткен Цзянсу провинциясы мен Орталық Азия елдері арасындағы өнеркәсіп пен білім беруді интеграциялау форумында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Сучжоу университеті және Huibo Robotics компаниясымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Құжат бірлескен білім беру бағдарламаларын дамытуды, робототехника және жасанды интеллект салалары бойынша мамандар даярлауды, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыруды көздейді.
Форум Қытай мен Орталық Азия елдеріндегі мемлекеттік органдар өкілдерін, университеттер мен жетекші технологиялық компанияларын бір алаңға жинап, білім беру және өнеркәсіп салаларындағы халықаралық серіктестікті нығайтудың мәселелерін талқылады.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім министрінің орынбасары Динара Щеглова да қатысып, жаңа буын кадрларын даярлау және инновациялық технологияларды енгізу мақсатында Қазақстан мен Қытайдың білім беру ұйымдары арасындағы әріптестікті нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
Ауқымды іс-шара аясында білім беру, ғылым және жоғары технологиялар салаларындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бірқатар келісімдерге қол қойылды. Бұл академиялық алмасуларды кеңейтуге, инновациялық экожүйені дамытуға және цифрлық экономика үшін жоғары білікті мамандар даярлауға ықпал етеді.



Comments