ҚАТЗУ-да жалпыұлттық коалициясының өкілдерімен жаңа Конституция жобасы талқыланды
- Редакция "СО"

- Mar 6
- 1 min read
2026 жылдың 6 наурыз күні С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының өкілдері оқытушылар және студенттермен кездесіп, жаңа Конституция жобасын түсіндірді.

Кездесуге Астана қаласы мәслихатының депутаты, «Тұран Астана» университетінің ректоры Гүлжамал Жапарова, коалицияның қалалық штабының мүшелері Абай Құрманқұлов пен Арайлым Әбдуәлиева қатысты.
Басқосуда қатысушылар ұсынылып отырған конституциялық өзгерістердің негізгі бағыттары мен олардың қоғам дамуына ықпалы туралы пікір алмасты. Спикерлер жаңа Конституция елдің құқықтық жүйесін жаңғыртып, азаматтардың құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін нығайтуға бағытталған маңызды құжат екенін атап өтті.
Жалпыұлттық коалициясының өкілдері жаңа Конституция жобасының қоғамның түрлі салалары үшін маңызына тоқталып, оқытушылар мен студенттердің сұрақтарына жауап берді. Іс-шара ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар ұсынылып отырған өзгерістер бойынша өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді.



Comments