ҚАТЗУ мен ICI HAAS арасында ғылыми ынтымақтастық туралы меморандум жасалды
- Редакция "СО"

- Feb 5
- 1 min read
2026 жылғы 4 ақпанда С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті мен Қытай Халық Республикасының Харбин қаласында орналасқан Хэйлунцзян ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының Өнеркәсіптік дақылдар институты (ICI HAAS) арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Кездесу мен меморандумға қол қою рәсіміне ҚАТЗУ атынан Басқарма мүшесі – Provost Р.Д. Абишева және Ауыл және орман шаруашылығы институтының профессоры В.Т. Хасанов қатысты.
Кездесу барысында институт директорының орынбасары, доктор Ван Вэньцзюнь қатысушыларды таныстырды. Құттықтау сөздерімен Академияның вице-президенті Цзяо Шаоцзе және Басқарма мүшесі – Provost Р.Д. Абишева сөз сөйледі. Ресми бөлімнің қорытындысы бойынша Өнеркәсіптік дақылдар институтының директорымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Басқарма мүшесі – Provost Р.Д. Абишева университеттің ғылыми-білім беру қызметі, негізгі ғылыми бағыттары мен жетістіктері, халықаралық ынтымақтастығы, сондай-ақ ҚАТЗУ-дың республикалық және әлемдік рейтингтердегі орны туралы презентация ұсынды.
Профессор Ван Вэньцзюнь күнбағыс селекциясы саласындағы ғылыми жетістіктерге арналған баяндама жасады. ICI HAAS директоры Өнеркәсіптік дақылдар институтының негізгі қызмет бағыттарымен таныстырды.
Кездесудің қорытынды бөлімінде профессор В.Т. Хасанов ҚАТЗУ-дың Ауыл және орман шаруашылығы институтында жүргізіліп жатқан картоп селекциясы мен тұқым шаруашылығы, сондай-ақ ксилотрофты саңырауқұлақ өсіру саласындағы биотехнологиялық зерттеулердің нәтижелері туралы баяндама жасады.
Ресми кездесуден кейін университет делегациясы Харбин қаласының өнеркәсіптік аймағында орналасқан ICI HAAS-тың бидай ұнын және картоп крахмалын өндірумен айналысатын серіктес кәсіпорындарының қызметімен танысты.



Comments