top of page

ҚАТЗУ мен Massey University одан әрі ынтымақтастық перспективаларын талқылады

2026 жылғы 15 сәуірде Zoom платформасында С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті мен Жаңа Зеландиядағы Massey University арасында онлайн-конференция өтті.


КАТИУ и Massey University обсудили перспективы дальнейшего сотрудничества

Massey University тарапынан келіссөздерге халықаралық әріптестіктер мен академиялық ынтымақтастықты дамытуға жауапты Ғылымдар колледжінің халықаралық директоры, профессор Gourab Sen Gupta, ауыл шаруашылығы және аграрлық ғылымдар бағыты бойынша маманданған School of Agriculture and Environment өкілі, сондай-ақ халықаралық серіктестіктер мен бірлескен бағдарламаларды, соның ішінде double degree бағдарламаларын үйлестіретін Office of Global Engagement бөлімінің халықаралық кеңесшісі Grace Liu қатысты.


ҚАТЗУ тарапынан конференцияға Басқарма мүшесі – зерттеу қызметі жөніндегі проректор, ҚР ҰҒА академигі Сәрсенбай Абдрахманов, ректор кеңесшісі Жазира Жылқышиева, Халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық департаментінің директоры Эльмира Өтеубаева, сондай-ақ университеттің бейінді департаменттері мен институттарының өкілдері қатысты.


Massey University өкілдері жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыру тәжірибесімен бөлісіп, докторантураны даярлаудың интернационалдандыру деңгейі жоғары екенін атап өтті. Сонымен қатар Жаңа Зеландия үшін өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы және су ресурстарын басқару бағыттарының айрықша маңызға ие екені айтылды. Осыған байланысты аталған салалардағы екі университет арасындағы ынтымақтастық өзара қызығушылық тудырып, бірлескен білім беру және ғылыми-зерттеу бастамаларын жүзеге асыруға жол ашады.


Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара іс-қимылдың бірқатар перспективалы бағыттарын айқындады. Атап айтқанда, Massey University делегациясының ҚАТЗУ-ға сапарын ұйымдастыру, білім алушылар мен ғалымдардың академиялық ұтқырлығын дамыту, аграрлық ғылымның өзекті бағыттары бойынша онлайн-семинарлар өткізу, докторанттарды бірлесіп даярлау және докторлық зерттеулерге ғылыми жетекшілік ету, сондай-ақ шетелдік әріптестердің қатысуымен докторантураның білім беру бағдарламаларын әзірлеу мәселелері талқыланды.

Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page