top of page

ҚАТЗУ мен Весткюсте қолданбалы ғылымдар университеті энергетика саласындағы ынтымақтастықты дамытады

2026 жылғы 13 тамызда С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетіне Весткюсте қолданбалы ғылымдар университетінің (FH Westküste University of Applied Sciences, Германия) халықаралық ғылыми делегациясы ресми сапармен келді. Сапар Германияның ғылыми-зерттеу қорының (DFG) қолдауымен жүзеге асырылып жатқан бірлескен халықаралық ғылыми-зерттеу жобасы аясында өтті.


КазАТИУ им. С. Сейфуллина

Делегация құрамында Германия тарапынан жоба жетекшісі, профессор Райнер Шютт және жоба қатысушысы Нәсіпкүл Дюсембекова болды. ҚАТЗУ тарапынан Басқарма Төрағасы – Ректор, ҚР ҰҒА академигі Қанат Тіреуов, Басқарма мүшесі – зерттеу қызметі жөніндегі проректор Сарсенбай Абдрахманов, бейінді құрылымдық бөлімшелердің басшылары, Энергетика институты мен жоба командасының өкілдері қатысты.


Кездесудің негізгі тақырыбы – «Әртүрлі климаттық жағдайларда кернеуі 220–500 кВ әуе электр беру желілерін мониторингтеу және басқару» жобасын іске асыру турасында өрбіді. Жоба цифрлық шешімдер мен метеорологиялық деректерді пайдалана отырып, электр беру желілерін мониторингтеу мен диагностикалаудың интеллектуалды технологияларын әзірлеуге бағытталған.


«Біздің университет үшін Весткюсте қолданбалы ғылымдар университетімен ынтымақтастықтың маңызы зор. Энергетика – ғылыми және білім беру қызметіміздің маңызды бағыттарының бірі. Бүгінде университеттеріміздің зерттеу әлеуетін біріктіруге мол мүмкіндік бар. Бірлескен жобалар жаңа зерттеулерге, тәжірибе алмасуға және алдағы халықаралық бастамаларды жүзеге асыруға негіз болады деп сенемін», – деді Қанат Тіреуов.

Профессор Райнер Шютт қазіргі климаттық және энергетикалық сын-қатерлер бірлескен шешімдерді қажет ететінін атап өтті. Ол негізгі бағыттар ретінде энергетика саласында жасанды интеллектіні қолдануды, күштік электроникаға негізделген жаңа жабдықтарды енгізуді, сондай-ақ тұрақтылық, экономикалық тиімділік және қауіпсіздік қағидаттарына негізделген энергетикалық жүйелерді дамытуды атап өтті.


Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, бірлескен зерттеулер жүргізуге, ғылыми жарияланымдар әзірлеуге және халықаралық жобаларға қатысуға мүдделі екенін растады.


КазАТИУ им. С. Сейфуллина

Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page