top of page

ҚАТЗУ студенттері халықаралық тіл олимпиадасында жүлдеге ие болды

2025 жылдың 17–22 қарашасы аралығында Беларусь ұлттық техникалық университетінің (БҰТУ) басқару технологиялары және гуманитарландыру факультетінің «Шетел тілдері» кафедрасы шетел тілдері бойынша халықаралық студенттік олимпиада ұйымдастырды.


ree

Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері: 


•​студенттер арасынан дарынды жастарды анықтау және қолдау;

•​студенттердің шетел тілдерін үйренуге деген мотивациясын арттыру;

•​білім алушылардың танымдық және зияткерлік қабілеттерін дамыту;

•​студенттердің лексикалық және грамматикалық дағдыларын жетілдіру;

•​білім алушылардың өз көзқарасын дәлелді түрде негіздеу дағдыларын дамыту.

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің «Шетел тілдері» кафедрасы оқытушыларының жетекшілігімен бұл олимпиадаға бакалавриат және магистратураның 170 студенті қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша олардың 15-і 1, 2 және 3 дәрежелі дипломдармен марапатталды:


1. 1 орын – Ризабек Мәншүк Ильясқызы, 20-073-25-07 тобының магистранты, «Есеп және аудит», жетекшісі Исина Ж. А.

2. 1 орын – Алимжанова Алтынай Нурболовна, 07-046-25-16 тобының студенті, «Қаржы, экономика, банк және сақтандыру ісі», жетекшісі Қабасова Қ. А.

3. 1 орын – Жельдибаева Жұлдыз Мирбулатқызы, 02-051-25-08 тобының студенті, «Экология», жетекшісі Амиржанова А. М.

4. 1 орын – Төлеуқұл Абылайхан, 06-065-25-16 тобының студенті, «Автокөлік құралдары», жетекшісі Әріпбай А. Ә.

5. 1 орын – Мәліқайдар Даниал Аббасұлы, 04-073-25-40 тобының студенті, «Архитектура», жетекшісі Амиржанова А. М. 

6. 2 орын – Акужанова Аяна Болатовна, 03-083-25-10 тобының студенті, «Ветеринария», жетекшісі Сатыбалды А. Б.

7. 2 орын – Каппасова Даяна Асылбековна, 04-073-25-38 тобының студенті, «Архитектура», жетекшісі Ыдырыс Н. С.

8. 2 орын – Тлеу Рабия Еркеғалиқызы, 20-094-25-08 тобының магистранты, «Ақпараттық жүйелер», жетекшісі Исина Ж. А.

9. 2 орын – Садвакасов Амир Русланович, 07-045-25-14 тобының студенті, «Есеп және аудит», жетекшісі Алимжанова Б. Е.

10. 2 орын – Нурланұлы Абзал, 05-057-25-13 тобының студенті, «Компьютерлік инженерия», жетекшісі Ыдырыс Н. С.

11. 3 орын – Диль Ангелина Сергеевна, 03-083-25-10 тобының студенті, «Ветеринария», жетекшісі Құрманова Ә. Ж.

12. 3 орын – Әмірхан Әлішер Нұрболатұлы, 04-073-25-38 тобының студенті, «Архитектура», жетекшісі Ыдырыс Н. С.

13. 3 орын – Серік Оралбек Әбдікәрімұлы, 06-075-25-24 тобының студенті, «СМС», жетекшісі Сүгірова С. Е.

14. 3 орын – Елемесова Анель Дулатовна, 07-045-25-14 тобының студенті, «Есеп және аудит», жетекшісі Алимжанова Б. Е.

15. 3 орын – Усабаев Азиз Алдиярович, 05-057-25-07 тобының студенті, «Бағдарламалық инженерия», жетекшісі Сипульдина Ж. К.

Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page