top of page
Search

Қытайда өткен химия пәнінен 58-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасында қазақстандық оқушылар тоғыз медаль жеңіп алды

29.04.2024


Химия пәнінен оқушыларға арналған 58-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасының қорытындысы шықты. Шэньчжэнь қаласында (Қытай) өткен жарысқа 29 елден 200-ден астам оқушы қатысып, өзара 15 алтын, 30 күміс және 45 қола жүлдені таласқа салды.


Менделеевская олимпиада

Қазақстан құрама командасы 1 алтын, 2 күміс және 6 қола, барлығы 9 медаль жеңіп алды.


Алтын медаль - Ринат Илюсизов, Павлодар қаласындағы №8 дарынды балаларға арналған лицейдің оқушысы.


Күміс медаль - Әділжан Молдағұл, Ақтау қаласының «Білім-Инновация» лицей-интернатынан және Кирилл Ким, Астана қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінен.


Қола медаль - Абылай Қабдулхадыр, Астана қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінен, Алихан Серікұлы, Haileybury Almaty халықаралық мектебі, Еңлік Бақытбекова, Алматы қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, Тамила Рахимбаева, Павлодар қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, Санжар Қалиақбар, Қарағанды қаласының №1 «Білім-Инновация» мектеп-интернаты және Әліби Мұғалім, Ақтау қаласының «Білім-Инновация» мектеп-интернаты.

bottom of page