Үкіметте Ғылымды стратегиялық дамыту жөніндегі кешенді жоспардың жобасы қаралды
- Редакция "СО"

- 2 hours ago
- 1 min read
ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен өткен кеңесте Ғылымды стратегиялық дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған кешенді жоспарының жобасы қаралды.

Құжатты Ғылым және жоғары білім министрлігі, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы салалық мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен және басқа да ұйымдармен бірлесіп әзірлеген.
Жоба ғылымды басқару жүйесін жетілдіру, кадрлық әлеуетті арттыру, салалық және өңірлік ғылымды дамыту, сондай-ақ біртұтас инновациялық экожүйе қалыптастыру бағыттарын қамтитын 72 іс-шарадан тұрады.
Ғылыми қызметті басқару жүйесін жаңғыртуға айрықша мән берілген. Ұлттық ғылыми басымдықтарды айқындаудан бастап зерттеу нәтижелерін экономикаға енгізуге дейінгі барлық үдерісті қамтитын біртұтас басқару тетігін қалыптастыру ұсынылды.



Comments