top of page

ҰБТ-да не істеуге болады және не істеуге болмайды?

ҰБТ-да не істеуге болады және не істеуге болмайды?

ҰБТ-да:

  • аудиториядан рұқсатсыз және сүйемелдеусіз шығуға;

  • аудиториядан 10 минуттан артық шығуға;

  • сөйлесуге, орын ауыстыруға;

  • А4 парақтарымен алмасуға және аудиториядан шығаруға;

  • тыйым салынған заттарды қолдануға;

  • тестілеу кезінде шулауға;

  • тест тапсырмаларының мазмұнын талқылауға және жариялауға;

  • тестілеу жүйесіне сырттан араласуға;

  • техниканы қасақана бүлдіруге тыйым салынады.


Аудиторияда тыйым салынған заттың тәркіленуі немесе тәртіп сақтау ережесін бұзған тест тапсырушы тестілеуді аяқтай алмайды және нәтижесі жойылады.

ҰБТ барысында

  • сұрақ болса, тестілеу администраторын шақырып, сұрауға;

  • су ішіп, шоколад жеуге;

  • орында отырып жаттығу жасауға;

  • Менделеев кестесінің қағаз нұсқасын сұрауға;

  • жұмыс үшін берілген парақтар жетіспесе, қосымша сұрауға рұқсат етіледі.

Comments


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page