top of page

Әкімнің білім беру гранттары 2025

Биыл жергілікті атқарушы органдар 1544 білім беру гранттарын бөлді, «Замануи білім беру» журналы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. 


Әкімнің білім беру гранттары


Атап өтетін болсақ, 526 грантты елорда әкімдігі бөліп отыр. Бұл – әкімдіктер арасындағы ең үлкен көрсеткіш. Одан кейінгі орында Шығыс Қазақстан облысы – 299 грант, Шымкент қаласы – 285, Атырау – 265, Абай облысы – 200, Түркістан – 180, Батыс Қазақстан облысы – 128 грант, Маңғыстау облысы – 108 грант, қалған аймақтар 100-ден аз грант бөлген.


Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін үміткер жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясына өтініш беру қажет. Сондай-ақ ЖОО-ға білімі туралы құжат, ҰБТ сертификатын, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, жеңілдік санатын растайтын құжаттарды (бар болған жағдайда) тапсырады.


Құжаттарды қабылдау мерзімі туралы ақпаратты әкімдіктерден, сондай-ақ жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларынан алуға болады. Грант беру туралы шешімді әкімдік жанынан құрылған арнайы комиссия қабылдайды. Жоғары оқу орындарына қабылдау 25 тамызда аяқталады.


Астана қ. +7 701 368 42 24

Шымкент қ. +7 777 558 15 53

Ақмола облысы +7 777 951 66 71

Алматы облысы +7 707 111 61 21

Ақтөбе облысы +7 705 507 71 78

Түркістан облысы +7 771 615 63 08

Атырау облысы +7 775 880 00 40

Жетісу облысы +7 701 674 20 55

Батыс Қазақстан облысы +7 707 588 72 51

Жамбыл облысы +7 702 636 95 38

Қарағанды облысы +7 702 321 06 14

Қостанай облысы +7 705 599 56 09

Абай облысы +7 778 738 61 00

Маңғыстау облысы +7 701 117 10 83

Шығыс Қазақстан облысы +7 705 266 85 64

 

Павлодар облысы, Қызылорда облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Ұлытау облысы, Алматы қ. – бөлінбеген.

コメント


© 1999-2022  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon
bottom of page